Солтүстік Корея ядролық сынақтарын тоқтатар емес

Солтүстік Корея ядролық сынақтарын тоқтатар емес

Солтүстік Корея соңғы 10 жыл ішінде бесінші рет ядролық сынақ өткізді. Жойқын жарылыс 10 килотоннаны құраған. Мамандар дүмпудің өте күшті болғанын айтады. Ал көрші мемлекеттер радиация деңгейін анықтап жатыр. Пхеньян мұнымен қоймай ядролық қарудың көптеген түрін дайындауға әзір екендігін мәлімдеді. Өткізілген сынақтарға байланысты Оңтүстік Кореяның Кукмин университетінің профессоры өз ойымен бөлісті.

 

Сан ДЖУН ЛИ – КУКМИН, УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Бізге үлкен қауіп төніп тұр. Халықта үрей басым. Зымыранды жіберген жағдайда бірнеше минутта барлығын жермен жексен етеді. Бұл ядролық қақтығысты тез арада бейбіт жолмен шешу керек. Осы ретте Қазақстанның тәжірибесі көмектесу керек деп ойлаймын. Себебі сіздердің елдеріңіз ядролық қарудан бас тартып, экономикасын едәуір дамытты.

 

 


Сурет: www.rt.com