Сирияның Алеппо қаласында бүлікшілердің бақылауындағы аймаққа химиялық шабуыл жасалды

Сирияның Алеппо қаласында бүлікшілердің бақылауындағы аймаққа химиялық шабуыл жасалды

Сирияның Алеппо қаласында бүлікшілердің бақылауындағы аймаққа химиялық шабуыл жасалды. Бұл туралы Рейтер агенттігі аймақтағы ерікті дәрігерлердің сөзіне сілтеме жасап хабарлады. Құтқарушылар оқиға кезінде ондаған кісінің улы газға тұншығып, ауруханаға түскенін мәлімдеді. Лондонда орналасқан Сириядағы адам құқығын қорғау орталығы бұл шабуыл үшін үкіметтік әскерді айыптады. Ал, соңғысы өз кінәсін мойындаудан бас тартқан. Бұған дейін Біріккен Ұлттар ұйымының тергеу тобы зерттеу жүргізіп, соғыс кезінде үкімет әскері екі рет улы газды қолданғанын растаған болатын. 

 

Сурет: newsru.co.il