Мәскеуде өрттен 17 адам ажал құшты

Мәскеуде өрттен 17 адам ажал құшты

Мәскеуде қоймадан өрт шығып, 17 адам ажал құшты. Марқұмдардың барлығы ТМД елдерінен барған мигранттар болып шықты. Олар қалың ұйқыда жатып, түтінге тұншығып өлген. Құрбандардың жеке басы әзірге анықталған жоқ. Баспахана қоймасын жергілікті уақыт бойынша таңғы 8-де от шалыпты. Сол кезде ғимаратта 30-ға жуық адам болған. Олар сонда тұрып, жұмыс істеп келген. Тілсіз жау 2 сағаттан кейін ауыздықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, от бойында ақауы бар шамның кесірінен тұтанған болуы мүмкін. Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

 

 


Сурет: www.ntv.ru