Түркияда полиция қызметкерлеріне тағы лаңкестік шабуыл жасалды

Түркияда полиция қызметкерлеріне тағы лаңкестік шабуыл жасалды

Түркияда полиция қызметкерлеріне тағы лаңкестік шабуыл жасалды. Оқиға кезінде 3 тәртіп сақшысы қаза тауып, 170 кісі жарақат алды. 14-інің халі мүшкіл, деп хабарлайды Ассошиэйтэд пресс агенттігі. Бұл жолғы жарылыс елдің шығысындағы Элязыг қаласында болды. Бомба ондағы полиция басқармасының алдында тұрған автокөлікке орнатылыпты. Жарылыстан жақын маңдағы ғимараттың терезелері сынып, тұрақтағы басқа автокөліктер отқа оранған. Бұдан бір күн бұрын Түркияның Ван провинциясында полиция бөлімшесінің маңында тағы бір автокөлік жарылған болатын. Шабуылдан 1 полиция офицері мен 2 бейбіт тұрғын көз жұмды. Жарақат алған 73 кісінің 20-сы - тәртіп сақшысы. Бұл лаңкестік әрекеттерді кімнің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Десе де, ел билігі Күрдістан жұмысшы партиясының шабуылдарға қатысы бар деп есептейді.  

 

 

Сурет: www.scoopnest.com