Қытайда әлемдегі алғашқы кванттық байланыс спутнигі ұшырылды

Қытайда әлемдегі алғашқы кванттық байланыс спутнигі ұшырылды

Қытай бортында әлемдегі алғашқы кванттық байланыс спутнигі бар зымырын тасығышты ұшырды. Ежелгі қытайлық философтың құрметіне Мо-цзы деген атау берілген аппарат Цзюцюань қаласындағы ғарыш айлағынан.

 

ұшырылған. Жоба өкілдерінің мәлімдеуінше, жақын арада әлемде алғаш рет спутник пен Жердегі нысан арасында кванттық байланыс орнауы тиіс. Байланыстың бұл түрінің өзгелерінен  ерекшелігі- кванттық сигналды тіркеу және бақылау мүмкін емес,- дейді жоба авторлары. Бұған қоса, жергілікті ғалымдар биылғы жылдың соңына дейін Бейжің мен Шанхай қалаларының арасында ұзындығы 2000 шақырымнан асатын кванттық байланыс желісін қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.   

 

Сурет: abali.ru