Бангладеште су тасқындары 42 адамның өмірін қиды

Бангладеште су тасқындары 42 адамның өмірін қиды

Бангладештің орталығында су тасқынынан 42 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары елдің денсаулық сақтау қызметтерінің басқармасына сілтеме жасап хабарлап отыр. Елдің 16 бірдей округінде шілденің ортасынан бері муссондық жауын-шашын толастамай тұр. Үкіметтің ресми мәліметіне сәйкес, қолайсыз ауа-райы 630 мыңнан астам тұрғынның тұрмысын қиындатқан. Билік жақын күндері жағдай бұрынғыдан бетер нашарлауы мүмкін деп ескертті.

 

 

 

Сурет: getshortnews.com