Бангладеште полиция лаңкестердің көзін жойды

Бангладеште полиция лаңкестердің көзін жойды

Бангладештің арнайы қызмет өкілдері Дакка қаласында жүргізген кепілдегі адамдарды босату операциясын аяқтады. Тәртіп сақшылары 6 лаңкестің көзін жойып, тағы біреуін қолға түсірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, кафеге 7 содыр шабуыл жасаған. Тұтқыннан 13 кепіл босатылды. Олардың арасында үш шетел азаматы бар. Жапондық бір азамат жеңіл жараланған. Айта кетейік, кеше кешкісін Бангладеш астанасы - Дакка қаласында қаруланып алған бір топ адам кафеге басып кіріп, аяусыз оқ жаудырған. Атыс кезінде екі полицей қаза тауып, 26 адам жараланды. 10 адамның хәлі ауыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл шабуыл үшін жауапкершілікті "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" өз мойнына алды. Бірнеше елшілікке жақын орналасқан кафеге көбіне дипломаттар мен қалада тұратын шетелдіктер және ауқатты адамдар жиналады екен.