Бағдадтағы жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты

Бағдадтағы жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты

Ирак астанасы Бағдад маңайында орналасқан мешіттердің бірінің жанында теракт болды. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 32 тұрғын түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс кезінде мешітте адамдар болған көрінеді. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ.  

 

 

 

Сурет: ria.ru