Оңтүстік өңірдің индустриалды-инновациялық дамуы таныстырылды

Оңтүстік өңірдің индустриалды-инновациялық дамуы таныстырылды

Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өндірісінің өсімі жөнінен өңірлер арасында көш басшылар қатарында тұр. Соңғы 6 жыл ішінде индустриаландыру картасы аясында облыста 223 миллиард теңгеге 164 жоба іске асырылып, 13 мың адам тұрақты жұмыс тапқан. Бұл жөнінде Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің Оңтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде айтылды. Министр өңірде индустрияландыру және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты. Арнайы экономикалық аймақтағы кілем мен шұлық тоқитын фабрикаларды аралап, жұмыс ырғағын көрді. Оңтүстік Қазақстан облысында 11 индустриалды аймақ бар. Олар өңірдегі өндіріс орындарының көптеп ашылып, тез жұмыс бастап кетуіне көп ықпал етті. Шымкенттегі сол аймақтарға деген сұраныстың жоғары болуынан жаңадан тағы екеуін іске қосты. Алғашқы салған «Оңтүстік» индустриалдық аймағында 162 жоба жүзеге асқан.

 

Мұхтар ТҰРАБЕКОВ, "ОҢТҮСТІК" ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

4,5 миллиард теңге соңғы 5 жылда үкіметке салық ретінде төлеген. Ол деген сөз инфрақұрылымға бюджеттен инвестиция ретінде 6,7 миллиард теңге құйылған болса, ол 67 пайызын мемлекетке салық ретінде қайтарып отыр.   

 

Сурет: bnews.kz