Өзбекстанда ШЫҮ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Өзбекстанда ШЫҮ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Жиында Өзбекстан астанасында алдағы маусым айында өтетін ұйымның саммитіне дайындық мәселесі қаралды.  Министрлер алты мемлекеттің басын бірікірген саяси бірлестікті дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылап, бірқатар маңызды құжаттар бойынша ой бөлісті. Кеңесте сөз алған Қазақстанның Сыртқы істер министрі терроризмге қарсы күрес мәселесін көтерді. Ерлан Ыдырысов әлемдегі жаңа қатердің алдын алу мәселесіне кеңінен тоқталып, БҰҰ-ның туы астында Қазақстан президенті ұсынған жаһандық антитеррорлық коалицияны жеделдетіп құру қажеттегін атап өтті.

 

Ерлан ЫДЫРЫСОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Өз сөзімде мен Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы аясындағы байланыстарға Қазақстанның қаншалықты мән беріп отырғанын айттым. Ұйым төрағалығын қабылдайтын ел ретінде біз қауіпсіздік, терроризммен күрес секілді өзекті мәселелерге басымдық береміз. Бұл ретте мен әріптестерімді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын бірлесіп жүзеге асыруға шақырдым.

 

 

 

Фото: mfa.tj