Венгрияда ұстаздар ереуілге шықты

Венгрияда ұстаздар ереуілге шықты

Сәрсенбі күні Венгриядағы 1200-ден астам мектепте сабақ тоқтатылды. Бұған ұстаздардың наразылық шарасы себеп. Ел премьер-министрі Виктор Орбанның үкіметі ұсынған білім беру реформасына қарсылық білдіріп, 25 мыңнан астам ұстаз жұмысқа шықпай қойған. Министрлер кабинеті мектептерді орталықтандырылған жүйемен басқаруға көшірмек. Оқытушылар болса, бұл бағдарлама балалар үшін тым ауыр болады деп есептейді. Бұған қоса, мұғалімдер білім беру саласын қаржыландыру көлемін арттыруды да талап етті.

   

Тамаш СЕЧОДИ, МҰҒАЛІМ:

Үкімет өз шешімінен бас тартқысы келмейді. Егер, билік қаржыландыру көлемін ұлғайтпаса, мұның кесірі бізге де, оқушыларға да ауыр тиетіні анық.

 

Үкімет өкілдері болса, денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету мақсатында білім беруге бөлінетін қаржы көлемін қысқартуға мәжбүр болып отырғанын айтады.

 

 

Сурет: budapestbeacon.com