Йемендегі қақтығыстардан 6400 адам ажал құшты

Йемендегі қақтығыстардан 6400 адам ажал құшты

Йемендегі қарулы қақтығыстардан осы күнге дейін 6 мың 400 адам қаза болды. Жараланғандар саны 30 мың 500-ден асады. Ал 2 миллион 800 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап, бас сауғалап кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұймы бас хатшысының көмекшісі мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда елде 14 миллионнан астам адам медициналық көмекке мұқтаж. Емханалардың дені қираған немесе жұмысын тоқтатқан. Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы балалар Қорының мәліметі бойынша, Йеменде жыл сайын бес жасқа толмаған 10 мың бүлдіршін науқастанып, көз жұмады. Президент Мансур Хадидің жақтастары мен бүлікші хуситтер арасындағы қақтығыстар 2014-тің тамызынан бері жалғасып келеді. Былтыр наурызда бүлікші топты тоқтату үшін президенттің сұрауымен қақтығысқа Сауд арабиясы басқаратын колацияның әуе күштері қосылды. 10 сәуірде елде оқ атпау режимі енгізілді. Енді 18 сәуірден бастап үкімет пен бүлікші топ арасында келіссөздер басталмақ.

 

 

 

Сурет: kvedomosti.com