Грекияда мигранттар мен полиция қақтығысынан 300 адам зардап шекті

Грекияда мигранттар мен полиция қақтығысынан 300 адам зардап шекті

Грекияның Македониямен шекарасында мигранттар полициямен қақтығысып, 300-ге жуық адам зардап шекті. Бұл туралы «Шекарасыз дәрігерлер» қайырымдылық қоры хабарлап отыр. Айта кетейік, жексенбі күні таңертен Грекияның Идомени елді-мекеніндегі босқындарға арналған лагерде бүлік шыққан еді.

 

Македония аумағына заңсыз кірмек болған жүздеген мигрант шекарадағы қоршауды бұзып өтуге тырысқан. Ал Македония полициясы оларға қарсы көз жасаурататын газ бен жарық-шулы граната қолданған көрінеді. Осының салдарынан тыныс алуы қиындаған 200 кісі дәрігерлердің көмегіне жүгінген. 30 адам пластикалық оқтан жараланып, тағы бірнеше адам соққыға жығылғандарын айтқан. Зардап шеккендердің арасында ерлермен қатар, әйелдер мен кішкентай балалар да бар. Грекия билігі македониялық тәртіп сақшыларын тым қатаң және негізсіз күш қолданғаны үшін айыптады. 

 

Сурет: ren.tv