Сицилия бұғазынан 300-ден астам мигрант құтқарылды

Сицилия бұғазынан 300-ден астам мигрант құтқарылды

Италияның жағалау күзеті Сицилия бұғазында 300-ден астам мигрантты құтқарды. Олардың арасында 51 әйел мен кәмелетке толмаған 107 бала болды, деп хабарлайды Рейтер. Мысырдан жүзіп шыққан келімсектердің кемесі теңіздегі дауылға тап болған. Құтқарушыларға апат туралы дабыл сәрсенбі күні күндіз келіп түскен. Кемедегі мигранттардың қатарында Сирия, Мысыр, Палестина, Ливия, Эритрея, Сомали және Судан елдерінің азаматтары бар. Жағалау күзетінің қызметкерлері оларды өз кемелеріне отырғызып, Италияға қарай бет алды.  

 

 


Сурет: www.itv.com