Қырғызстанда табылған мамонт сүйегі зерттеуге жіберілді

Қырғызстанда табылған мамонт сүйегі зерттеуге жіберілді

Қырғызстанның Ыстық көл облысында мамонт сүйегі табылған жерде қазба жұмыстары аяқталды. «Бұл жануардың қалдықтары дала мамонтының сүйектері болуы мүмкін. Оның бассүйегі толық зерттеу үшін Бішкектегі зертханаға жіберілді», - деп мәлімдеді Қырғызстанның ұлттық ғылым академиясының бөлім жетекшісі Қадиша Ташбаева. Оның айтуынша, ежелгі жануардың сүйегін толық зерттеу жұмыстары 2 жылға созылуы мүмкін.

 

Айта кетейік, алып жануардың сүйек қалдықтарын Ыстықкөл облысы Ақсуй ауданына қарасты Отрадное ауылының тұрғындары тапқан. Ғалымдар оның жасы 45 мың жылдан асуы мүмкін деп болжап отыр. Ежелгі жануардың әсіресе бассүйегі, тістері және бір азуы жақсы сақталған.

 

 


Сурет: www.time.kg