Армия Пальмираны минадан тазартуға кірісті

Армия Пальмираны минадан тазартуға кірісті

Сирия армиясы көне Пальмира қаласын минадан тазарту жұмыстарына кірісті. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр.

 

Сирия армиясының сарбазы:

 

Содырлар жан-жақтағының барлығын сыммен орап, қуат көзіне қосып қойған. Олар қалада ғаламтор байланысы пайда болысымен, барлығын жарып жіберіп, тұрғындар мен сарбаздарды қырып-жоюды жоспарлап отырған екен.

 

Айта кетейік, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Пальмира қаласын өткен жылдың мамырында Ирак пен Левант лаңкестік тобы басып алған еді. Олар мұндағы мың жылдық тарихы бар көне жәдігерлердің басым бөлігін қиратып тастаған. Жақында Сирияның үкіметтік күштері ежелгі шаһарды содырлардан толықтай азат етті. Елдегі сарапшылардың мәлімдеуінше, енді тарихи ескерткіштерге бай қаланы қайта қалыпқа келтіру үшін 5 жылдай уақыт қажет. 

 

Сурет: geo-politica.info