ЮНЕСКО Пальмираға сарапшылар тобын жіберу мәселесін қарайды

ЮНЕСКО Пальмираға сарапшылар тобын жіберу мәселесін қарайды

Лаңкестерден азат етілген Сирияның көне Пальмира қаласын қайта қалыпқа келтіру үшін 5-7 жыл шамасында уақыт қажет болуы мүмкін, дейді сарапшылар.  Жақын арада содырлар келтірген шығын көлемін бағалау үшін ежелгі шаһарға сарапшылар тобы жөнелтілмек. ЮНЕСКО бұл мәселені алдағы аптада талқыламақ. Тарихи ескерткіштерге бай Пальмираны қалпына келтіруге ресейлік Эрмитаж мұражайының мамандары көмек көрсетуге дайындықтарын білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.

 

Айта кетейік, өткен жылдың мамырында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Пальмира қаласын Ирак пен Левант лаңкестік тобы басып алған еді. Олар мұндағы тарихи жәдігерлердің басым бөлігін қиратып тастаған. Күні кеше Сирияның үкіметтік күштері көне шаһарды содырлардан толықтай азат етті. 

 

Сурет: rian.com.ua