Наурыз мерекесін Украинада да атап өтті

Наурыз мерекесін Украинада да атап өтті

Наурыз мерекесін Украинада да атап өтті. Мұнда тоғыз мемлекеттің елшілігі мен диаспоралары бас қосып, Ұлыстың ұлы күнін тойлады. Күллі түркі тілдес елдерге ортақ мереке ирак, әзірбайжан, ауған, қырғыз, тәжік, түрік, түрікмен, өзбек және қазақтың басын қосты. Бұл күні Шығыс халықтары ұлттық билерін билеп, ұлттық аспаптарында ойнады. Түркі тілдес халықтар дастарханға ұлттық тағамдарын қойды. Мерекенің сәні - қазақтың дастарханы. Ұйымдастырушылар жұртшылыққа  жылқының қазы-қарта,  жал-жаясын ұсынды.Ұлық мерекеде өзге ұлт өкілдері де мейрам қылып, ұттық ас мәзірлерін ұсынып, бір-бірінің тағамдарынан дәм таттты. Көктемнің шуағымен келген әз наурызда көпшілік арқа-жарқа.

 

Алмұрат ТҰРҒАНБЕКОВ, ҚР УКРАИНАДАҒЫ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

9 мемлекеттің Украинадағы елшіліктері бірігіп, бірнеше жылдан бері бірінші рет осы мейрамды бірге өткізіп жатыр. Бұл енді дипломатиялық корпусқа, басқа да мемлекеттік органдар үшін өте маңызды іс-шара.

 

Әлия БАЙДОЛЛАЕВА, КИЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақтар осында жиналғанда, қазақтың дәстүрін тұтамыз, қазақ киімдерін киіп келеміз. Домбыра тартатын балалар да бар. Көбінесе, қазақша ән айтамыз. Бұл мейрамнан басқа уақытта да семья-семья болып, қатынасып тұрамыз.

 

Қырғызстан жұрты Наурыз мейрамында концерттер, қайырымдылық шаралары өтуде. Бішкектіктер мен қала қонақтары көктемгі көтеріңкі көңіл күйді терең сезіну үшін ескі алаңда кәдесыйлар мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұнда әлемдегі 25 елдің ас мәзірінен дәм татуға болады. Солардың арасында қазақ елшілігі жайған дастарқан да бар.

 

Айымдос БОЗЖІГІТОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Бұл - көк шығып, ағаштар бүршік жаратын жасампаздық мерекесі. Осыған сай адамның да жан-дүниесі тазарып, жаңарады. Үйлерін тазартып, бір-бірін құттықтап, түрлі тәтті дәмдерін ұсынатын ерекше мейрам.

 

Мекен ЖУМАШЕВА:

Ескі жыл кетті, жаңа жыл келді. Әр ауызда ән болсын, әр ұлыста нан болсын. Таудай болған байлығыңды бер еліме, Ыстық көлдей болған ырысыңды бер еліме. Елім аман болсын, жұртым аман болсын. Құдай бұйыртса, келесі жылғы наурызға аман-есен жетейік. Ынтымақ болсын елде. Бір жақтан бас шығарайық, бір жеңнен қол шығарайық.

 

 


Сурет: www.zharar.com