Өзбекстанда динозаврдың жаңа түрі табылды

Өзбекстанда динозаврдың жаңа түрі табылды

Америкалық ғалымдар Өзбекстанның солтүстігіндегі Қызылқұм шөлінен динозаврдың жаңа түрінің қаңқасын тапты. Әмір Темірдің құрметіне оған тимурленгия деген атау берілген. Мамандар бұл алып мақұлықтардан тираннозаврлар тараған деп отыр. 270 келілік жануар  90 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Тимурленгиялар ақылды болған әрі есту қабілеті жақсы дамыған болып шықты. Ғалымдар "бұл динозаврлар жыртқыш бауырымен жорғалаушылар эволюциясындағы бұрын соңды кездеспеген буын" екенін айтып отыр.

 

 

 

Фото: yorick.kz