АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери жаттығулар жүргізді

АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери жаттығулар жүргізді

Солтүстік Кореяның әр қадамын қалт жібермей барлап отырған Америка Солтүстік Кореямен шекаралас өңірде зеңбірекшілердің оқу-жаттығуларын өткізді. Бұл ресми Пхеньянның кешегі жасаған мәлімдемесіне қарымта әрекет болып отыр.

 

Оңтүстік Кореяда орналасқан әскерилері шараны Чхорвон уездінде жүзеге асырған. Бұл аудан бауырлас елдер арасында екіге бөлінген. 7-ші науырзда АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери оқу-жаттығуларын бастап кеткен еді. Осыған орай Корея халық демократиялық республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын, көрші елден қауіп төнсе, ядролық қаруды қолдануға дайын болуға тапсырма берген.

 

Сондай-ақ, солтүстік кореялық ғалымдардың ядролық оқтықтардың көлемін баллистикалық зымыранға қолайлы етіп, кішірейтуге қол жеткізгендігі туралы ақпар тарады. Оңтүстік кореялықтар бұл мәліметке күмәнмен қарап отыр. Дегенмен, Вашингтон Сеулге кез-келген жағдайда қол ұшын беретіндерін жеткізді.

 

Гарри ЛЮ, АҚШ ӘСКЕРІНІҢ КАПИТАНЫ:

Солтүстік Корея өзінің алысқа ататын артиллериясын қолданатын болса, Сеулге қауіп төнбек. Бұл жағдайда біз аймаққа зардап келмей тұрып, солтүстік кореяның қаруын жоюды көздейміз.

 

 

 

Сурет: www.bloggy-news.com