Францияда 500 мың адам еңбек заңнамасының реформасына қарсы шықты

Францияда 500 мың адам еңбек заңнамасының реформасына қарсы шықты

Францияда еңбек заңнамасының реформасына өз қарсылығын білдіру үшін 500 мыңға жуық адам ереуілге шықты.

 

Үкімет ұсынып, мемлекет басшысы Франсуа Олланд қолдаған құжат елдегі жұмыссыздықпен күреске бағытталған. Заң жобасы жұмыс берушілерге өз қызметкерлерінің жұмыс істеу уақытын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, артық сағатқа төленетін үстемеақыны қысқарту қарастырылған. Реформа елдегі еңбек нарығын ырықтандыруды, яғни адамдарды жұмысқа алу және босату процесін жеңілдетуді көздейді екен. Франциядағы барлық кәсіподақтар мен жастар бірлестіктері мұндай өзгерістерге қарсы шықты. Бір ғана Париждің өзінде 100 мың шақты кісі көшеде жиналды. Ереуілдерге, сондай-ақ, көлік қызметкерлері де қосылды. Осының салдарынан ел бойынша теміржол мен қоғамдық көлік қатынасы бұзылды.

 

 

 

Фото: politeka.net