Венгрия өз шекарасындағы бақылауды күшейтпек

Венгрия өз шекарасындағы бақылауды күшейтпек

Венгрия елге ағылған мигранттар ағынын тежеу үшін өз шекарасындағы бақылауды күшейтпек. Осы мақсатта ел билігі ондағы полиция мен әскери қызметкерлердің санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Елдің ішкі істер министрі Шандор Пинтердің мәлімдеуінше, бұдан былай шекараны тек виза берілген адамдар ғана асып өте алады. Бұған дейін елдегі мигранттар санының күрт өсуіне байланысты Венгрияның бірнеше аймағында төтенше жағдай енгізілген болатын. 

 

 

Сурет: www.tvc.ru