Кореялықтар қазақ халқына алғыс айтты

Кореялықтар қазақ халқына алғыс айтты

Камса хамнида. Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ халқына деген алғысын осылай білдіреді. Психолог Надежда Ким Сеулдың элиталы ауданы Итэвонда тұрады, осында еңбек етеді. Ол Кореяға ұлы Дениспен бірге Тараздан 1996  жылы көшіп келді. Кореяда  тұрғанына 20 жыл болса да Надежда Ким  мен Денис Ян Қазақстанды ешқашан  естен шығарған емес.

 

Денис ЯН, СЕУЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

Біріншіден Қазақстан менің кіндік қаным тамған жер.  Сондықтан, қайда жүрсем де ол менің Отаным болып қала береді.  Міне енді. Шынымды айтсам сол, Қазақстан менің бақытты балалық шағым өткен, өсіп, жетілген елім. Егер мен онда өспегенде қазіргі қол  жетістіктерімен қол жеткізе алмас па едім.

 

Надежда КИМ,Сеул қаласының тұрғыны:

 

Казахстан сан қырлы, ерекше ел, мен оны өте жақсы көремін. Сондықтан,  ны жиі еске аламын,  денсаулығым болып, жағдайым келсе, онда қалған дос-жарандарыма жиі барып тұрғым келеді.    

 

Біздің жерлестеріміздің бірі Михаил Пак Оңтүстік Коеяның Паджу қаласында тұрады. Ол тек Кореяда ғана емес, ТМД елдеріне де жақсы танымал жазушы әрі суретші. Зайыбы екеуінің тағдыры Қазақ жерімен тығыз байланысты.

 

Михаил ПАК, СУРЕТШІ, ЖАЗУШЫ:

 

Саламатсыз ба! Мен Казахстанда 20 жылдай тұрдым, және өзімді бұрынғы казахстандық деп атаймын. Өйткені дәл осы Казахстанда мен жазушы, суретші ретінде қалыптастым.

 

Валентина ТЯН,МИХАИЛ ПАКТЫҢ ЖҰБАЙЫ:

 

Қазақстанға жер аударылған кезде, менің ата-анам  Қазалы қаласына қоныстаныпты.  Оларды поездан айдалаға түсіріп кетіпті. Сонда қарапайым қазақтар  баспанасымен, бір үзім нанымен бөлісіп, аман алып қалыпты. Ата-анам өле-өлгенше  қазақ халқына алғыстарын жаудырып отыратын еді.

 

Михаил Пактың  Қазақстанға деген сүйіспеншілігі оның кітаптары мен картиналарында көрініс тапқан. Мысалы  мына туындысында Алматы облысындағы гүл  алқабы бейнеленген.Қазір  Денистің өз кәсібі және  радиостансасы бар. Ол Сеулдің орыс тілді тұрғындары үшін би кештерін өткізіп тұрады. Ол ұсынатын музыкалық шығармалар арасында Серік Мұсалимовтың  «Мой Казахстан» әні де бар. 

 

Сурет: www.qazaq-alemi.kz