Анкарадағы жарылысқа қатысты 17 күдікті ұсталды

Анкарадағы жарылысқа қатысты 17 күдікті ұсталды

Түркия астанасында 28 адамның өмірін қиған жарылыстан кейін қамауға алынған адам саны 17 адамға жетті. Тағы бір күдіктіге іздеу салынған, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Елдің ішкі істер министрі Эфкан Ала жарылысты ұйымдастырушыларды іздестіру жұмысының елдің бірнеше аймағында жүргізілгенін айтты. Ел үкіметі шабуыл үшін Сириядағы күрд содырларды айыптап отыр. Алайда соңғылары өз кінәларын мойындаудан бас тартты. 

 

Сурет: www.kazinform.kz