Түркияда 5 қабатты ғимарат опырылып түсті

Түркияда 5 қабатты ғимарат опырылып түсті

Түркияның Ыстамбұл қаласында 5 қабатты ғимарат опырылып түсті. Адам шығыны мен жапа шеккендер жоқ. Себебі, бұған дейін үй құлайын деп тұрғандықтан онда ешкім тұрмаған. Бірақ, жақын маңайда орналасқан дүкендерге біраз нұқсан келген. Көршілес ғимараттардағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, құтқарушылар үйінділерді аршуға кіріскен.

 

Сурет: www.minber.kz