Мысырда теміржол апатынан 100-ден астам адам қаза болды

Мысырда теміржол апатынан 100-ден астам адам қаза болды

Мысырда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 100-ден аса жолаушы жарақат алды. Бени-Суэйф провинциясында Асуан-Каир бағытымен жүйткіп келе жатқан пойыз жолда тұрған цемент салынған блокқа соғылған. Соққының күшті болғаны соншама, тепловоз бен бірнеше вагон шойын жолдан шығып, аударылып кеткен. Жолаушыларды соққыдан қатты бүлінген вагондардан алып шығу үшін құтқарушылар арнайы құралдар пайдаланған.

 

Сурет: www.all-news.net