Испанияда лаңкестермен байланысы бар күдіктілер қамауға алынды

Испанияда лаңкестермен байланысы бар күдіктілер қамауға алынды

Испанияда «Ирак пен Левант лаңкестік тобымен» байланысы бар деген күдікпен 7 адам қамауға алынды. Олар – Сирия, Иордания мен Марокко азаматтары. Тергеу ісі бойынша, күдіктілер «Ирак пен Левант лаңкестік тобына» материалдық-техникалық қолдау көрсеткен. Испанияның Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдегендей, ұсталғандар бұған дейін Еуропаның басқа елдерінде де күмәнді істерімен көзге түсіпті. Оларды қолға түсіру операциясына 2 жыл уақыт кеткен. Былтыр экстремистік топтармен байланысы бар және радикализмді насихаттағандары үшін жүзден астам адам түрмеге қамалды, деп жазады 24.kz.

 

Сурет: euronews