Түркияда 3 сарбаз қақтығыс салдарынан қаза тапты

Түркияда 3 сарбаз қақтығыс салдарынан қаза тапты

Түркияда "Күрдістанның жұмысшы партиясымен" арадағы қақтығыс салдарынан 3 сарбаз қаза тапты. Тағы үшеуі жараланған. Бұл ұйым - лаңкестік деп танылып, билік қызметіне тыйым салғандардың қатарынан. Елдің Бас штабының мәлімдеуінше,  әскер 23 содырдың көзін жойды. Олардың 9-ы Диярбәкір қаласының Сур ауданында, қалғаны Джизре қаласында ажал құшқан. Сур ауданында қақтығыстан жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жаққа кетуге мәжбүр. Түркияның қарулы күш өкілдерінің айтуынша, өткен жылдың желтоқсаннан бері "Күрдістанның жұмысшы партиясының" 700-ге жуық мүшесі құрбан болған. Естеріңізде болса, билік 1 жарым ай бұрын Диярбәкір мен оған жақын орналасқан провинцияларда коменданттық сағат жариялаған еді.

 

 

 

Сурет: en.alalam.ir