Жаңа экономикалық жағдайдағы ЕАЭО болашағы

Жаңа экономикалық жағдайдағы ЕАЭО болашағы

Әлемдік қаржы дағдарысы еуразиялық кеңістікті біріктіретін күшке айналуы мүмкін. Ресейлік сарапшылар осылай дейді. Мұнай экспорттаушы Қазақстан мен Ресей, тіпті аз мөлшерде мұнай өндіруші Беларусь қара алтынның бағасы құлдырағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ішінде басқасынан көп зардап шекті. Ал Армения мен Қырғызстанға дағдарыс өте қатты сезілмеді. «Бұл жерде шағын экономикасы бар елдерге интеграция жақсы әсер етті. Сондай-ақ, одақ елдерінде қаржы дағдарысының салдары саяси шешім қабылдауға байланысты да өзгеріп тұрады», дейді сарапшылар.

 

Вячеслав ХОЛОДКОВ, РЕСЕЙ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Ресей мен Қазақстанды мысалға алсақ. Қазақстан экспортының басым бөлігін мұнай мен шикізаттық тауарлар құрайды. Бұл көрсеткіштің мөлшері Ресейде төмен. Бізде металл мен минералдық заттар 75 пайызды құраса, қазақстанда 85 пайыз. Дегенмен, Ресейде жалпы ішкі өнім 3,8 пайызға төмендеп кетті. Ал Қазақстанда керісінше 1,3 пайызға жоғарылаған. Неге? Инфляция да біздікіндей емес және жағдайлары да бізден жақсы. Өйткені Қазақстан үкіметі барлығын нақты есептеп, экономикалық саясатты дұрыс жүргізді. Бұл нәтижесінде Қазақстанның дағдарыстан жеңіл өтуіне септігін тигізуде.   

 

Александр ШИРОВ, РҒА ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БОЛЖАМДАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Қазақстан 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан қиналмай шықты. Неге? Өйткені олар тұтынушыларды қолдау несиесін және инвестициялық активтерді ынталандыру саясатын жақсы жүргізді.

 

Сарапшылар дағдарыс экономика үшін жаңа мүмкіндіктер ашады дейді. Кәсіпорындардың қабілетін арттырып, өнім өндірушілер өз тауарларын ішкі саудаға шығаруды көбейтеді. Нәтижесінде қазіргі дағдарыс одаққа мүше мемлекеттерді біріктіруші күшке айналады.

 

Аза МИГРАНЯН, ТМД ЕЛДЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЭКОНОМИКА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Дәл осы дағдарыс үкімет пен жеке секторларды біріктірудің қозғаушы күші болады. Одаққа мүше елдердің кедергілерді алып тастауы, жеке кәсіпкерлерге дағдарыс кезінде емін-еркін сауда жасап бизнестерін дамытуға, еркін нарыққа шығуға мүмкіндік жасалып отыр. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың басты мақсаты - сауда жасауға кедергі келтіретін барлық кедергілерді жою.

 

 

 

Сурет: eastrussia.ru