ЕАЭО аясында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасы мақұлданды

ЕАЭО аясында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасы мақұлданды

Болашақ зейнеткерлер қарттыққа аударған қаржыларын алып кетуге құқылы. Еуразиялық экономикалық одақ тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасы ұйымның алқа отырысында мақұлданды. Құжатқа сәйкес,одақ аумағында азаматтығын ауыстырғандар, зейнетақты жинақтарын жоғалтпайды. Еңбек өтілі де барған елдерінде есепке алынады. Ал жинақталған зейнетақыны толықтай төлеу азаматтың туып-өскен елінде жүзеге асырылса, базалық бөлігін төлеп тұру оның қоныс аударған мемлекетіне жүктеледі. Енді аталған құжатты одаққа мүше бес ел ратификациялауы тиіс.

 

 

 

Сурет: news.caravan.kz