Сирияда қос жарылыстан 32 адам қаза тапты

Сирияда қос жарылыстан 32 адам қаза тапты

Сирияның Хомс қаласында екі бірдей жарылыстан 32 адам қаза тапты. Тағы 90 кісі жарақат алды. Оқиға шаһардағы Аз-Захра аймағында болды. Сириядағы адам құқығын бақылау кеңесінің хабарлауынша, жарылыстардың бірі автокөліктегі бомбаның іске қосылуынан болған. Ал екіншісін жанкешті жасаған екен.

 

Еске салсақ, осыдан екі апта бұрын Хомстың дәл осы ауданында қос жарылыстан 16 кісі көз жұмған болатын. Лаңкестік үшін жауапкершілікті Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алды.    

 

Сурет: ria.ru