Кэмерон Ұлыбританияның Еуроодаққа мүшелігіне ілгерілеушілік барын айтты

Кэмерон Ұлыбританияның Еуроодаққа мүшелігіне ілгерілеушілік барын айтты

Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның Еуроодаққа мүшелігіне қатысты келіссөздерде ілгерілеушілік барын айтты. Бұл мәселе Брюссельдегі Еуроодақ елдері саммитіндегі ең өзекті тақырыптардың біріне айналған. Британдық премьер елдің одақ құрамында қалуы үшін бірқатар шарт қойып,  реформа жүргізуді талап етіп отыр. Атап айтқанда бұл шарттар бәсекелестік, егемендік, әлеуметтік саясат және экономикалық басқару салаларын қамтиды. Корольдіктің мүшелік шарттарын өзгертуге қатысты екі жақты уағдаластыққа келер жылдың ақпанына дейін қол жеткізілуі шарт. Ал, 2017-ші жыл Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу-шықпауына қатысты референдум өткізілмек.   

 

Дэвид КЭМЕРОН, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 

Бұл мәселені шешудің қиын екенін түсінемін. Десе де, одақ мүшелері берлесе отырып, оған қатысты оңтайлы шешім табады деген үміттемін.  

 

Сурет: www.info-islam.ru