Тиранадағы үкіметке қарсы ереуілдер тыйылар емес

Тиранадағы үкіметке қарсы ереуілдер тыйылар емес

Албания астанасы Тиранадағы үкіметке қарсы ереуілдер тыйылар емес. Бейсенбі күні оппозицияның мыңдаған жақтасы парламент ғимаратының алдында жиналып, ел премьер-министрі Эди Рама басқаратын үкіметтің отставкасын талап етті. Демонстранттар халықты кедейліктің кебін киюге мәжбүрлеп отырған биліктің салық саясатына қарсы. Сондай-ақ, оппозиция үкіметті жемқорлық үшін айыптауда. Десе де, билік басындағылар бұл айыптарды мойындаудан бас тартып отыр. Ал, қарсыластары өз талаптары орындалмайынша, ереуілдерді жалғастыра беретіндерін айтты.

 

Лулзим БАША, АЛБАНИЯДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ:

 

Біз қазіргі үкіметтің биліктен жедел кеткенін қалаймыз. Бұл құрылым толықтай өзгеруі шарт.  

 

Сурет: www.senica.ru