Пәкістандағы жарылыс үшін жауапкершілікті «Лашкар-э-джангви» лаңкестік тобы өз мойнына алды

Пәкістандағы жарылыс үшін жауапкершілікті «Лашкар-э-джангви» лаңкестік тобы өз мойнына алды

Пәкістанның Парачинар қаласында болған жарылыс үшін жауапкершілікті сүнниттердің «Лашкар-э-джангви» лаңкестік тобы өз мойнына алды. Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, экстремистер бұл лаңкестікті Иранға және Сирияның президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп отырған шейіттерден кек алу үшін жасағанын хабарлады.

 

Айта кетейік, жексенбі күні Парачинар қаласындағы базарда жарылыс болып, салдарынан 23 адам қаза тапты. Лаңкестер шабуыл кезінде сағаттық механизм орнатылған және 30-35 келі жарылғыш заты бар қолдан жасалған құрылғыны қолданған екен.   

 

Сурет: ria.ru