АҚШ-тағы Майамиде құмнан әлемдегі ең биік қорған тұрғызылды

АҚШ-тағы Майамиде құмнан әлемдегі ең биік қорған тұрғызылды

Жағажайға салынған қорғанның биіктігі - 13,7 метр, деп жазады 24kz. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды CBS Miami. Қорғанды 20 адам салып, бұл үшін 1800 тонна құм пайдаланылды. Оның бойында дүние жүзіне танымал көрнекі орындар бейнеленді. Мысалы, Тадж-Махал, Бостандық ескерткіші және Пизан мұнарасы. Қорған Майами жерінде әлі 3 апта бойы тұрады, деп жазады lenta.ru. Жалпы құм ескерткіш таяуда Майами-Ыстамбұл бағытын ашқан Turkish Airlines компаниясының тапсырысы бойынша тұрғызылды.



Сурет: 24.kz