Австралияда балықшы 6 метрлік акула ұстады

Австралияда балықшы 6 метрлік акула ұстады

Әлеуметтік желілерде балықшы кемесіндегі алып акуланың суреті пайда болды. Daily Mail хабарлауынша, Австралия жағалауында ауланған 6 метрлік жыртқыштың суретін Facebook желісінде Джефф Брукс деген адам орналастырған.

 

Кейін Мэттью есімді австралиялық балықшы алып акуланы алып шыққанын хабарлаған. Оның айтуынша, балық аулап жүргенде жыртқыш оған шабуыл жасаған.  

 

Мэттью акуланың қандай түрге жататынын біру мақсатында фотоға түсірген. Ол алып балықты базарда сатқанын, өзіне тек жағын қалдырғанын айтты. Сондай-ақ балықшы, бұл оның осыған дейін көрген жолбарыс акулаларының ішіндегі ең кішілерінің бірі екенін жеткізді.

 

Жолбарыс акулалары әлемде ең көп тараған акулаларға жатады.

 

 

Ақпарат көзі: inform.kz