Силопиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Силопиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Түркияның Силопи қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дүйсенбі күні халқының дені күрдттерден тұратын шаһарда жарылыс болып, 4 полиция қызметкері қаза тапқан болатын. Тағы біреуі ауыр жарақат алды. Жол жиегіне орнатылған бомба тәтіп сақшыларының көлігі өткен бойда іске қосылған. Сондай-ақ, дәл осы провинцияда содырлар әскери тікұшаққа қарудан оқ атып, 1 сарбаз көз жұмған еді.

 

Айта кетейік, шілденің соңында болған бірнеше лаңкестік шабуылдан соң, ресми Анкара күрд содырларына қарсы әскери операцияны бастап кеткен еді. Бұл елдегі ахуалдың күрт нашарлауына әкелді.

 

Сурет: report.az