Ташкенттегі Азия біріншілігін қазақ палуандары сәтті бастады

Ташкенттегі Азия біріншілігін қазақ палуандары сәтті бастады

15 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Азия біріншілігі басталды. Азия біріншілігі қазақ құрамасы үшін сәтті басталды, деп хабарлады Дзюдо федерациясы.

 

Азия біріншілігінде 48 келі салмақта қазақстандық спортшы О.Галбадрах ақтық сында басты қарсыласы, әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған моңғол спортшысы Мунхбат Уранцегцегті жеңіп, алтынға қол жеткізді. Ал, Мариан Ордабаева 63 келіге дейінгі салмақта ақтық кездесуде жапон балуанын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

 

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов финалда өзбек дзюдошысы Диорбек Урозбоевтан айласын асырып, бірінші орынға ие болды. 


Елдос Жұмаханов 66 келіде қола жүлдені жеңіп алса, жас палуан Дидар Хамза 73 келіде күмісті қанағат тұтты.


Рустам Ыбраевта жеңіс тұғырына жақын болды, алайда ол Дастан Ықыбаевпен бірге бесінші орынға ғана тұрақтады. 


Осымен, алғашқы жарыс күні Қазақстан командасының қоржынында үш алтын мен бір күміс және бір қола бар. Нәтижесінде, Қазақстан жүлде қоры бойынша бірінші орында тұр.

 

 

Сурет: inform.kz