Жекпе-жектен халықаралық турнир мәресіне жетті

Жекпе-жектен халықаралық турнир мәресіне жетті

Ертіс өңірінде әлемнің-түкпірінен келген ММА аралас жекпе-жегі бойынша «Қаһарлы күрес-17» турнирі мәресіне жетті. Бразилия, Ресей, Украина, Литва және өзге елдерген Павлодарға ат басын тіреген мықтылар алты салмақ дәрежесі бойынша 12 жекпе-жек өткізді. Қазақ елінің спортшылары намысты қолдан берсін бе? Жеті жігітіміз жеңіс тұғырынан орын сайлады. Кештің басты кездесуі павлодарлық Фаниль Рафиков пен бразилиялық Жозе Маркус Сантьяго арасында өтті. «Ноғай» деген лақап аты бар жерлесіміз қарсыласының осал тұсын таба білді. Сол секілді Умар Яновский мен Руслан Серікпулов, Диас Еренғайыпов пен Махамбет Байбеков, Әкімжан Жасұлан мен Василий Гончаров және Қуат Шәріповтер өз қарсыластарынан басым болды.  

 

 

 

Сурет: vk.com