Цюрихте FIFA музейі ашылды

Цюрихте FIFA музейі ашылды

Халықаралық футбол федерациясының жаңадан сайланған президенті Джанни Инфантино Цюрихте FIFA музейін ашты, деп хабарлады 24.kz.

 

Мұнда мыңнан астам экспонат қойылған. Олардың арасында ер және әйел адамдар арасындағы Әлем чемпионаттарының кубоктары бар. Сонымен қатар музейде жүздеген сурет пен бейнежазбаны көруге болады. Ал 60 экран матчтарда болған ең үздік сәттерді үнемі көрсетіп тұрады. Бұдан басқа, жаңа кешенде кітапхана мен спорттық дәмхана бар. Бұл музейді ашу 2 жыл бойы жоспарланып келген. Халықаралық футбол федерациясы оны салуға 140 миллионнан астам доллар қаржы жұмсаған.

 

 

Сурет: buyingbusinesstravel.com.ru