«Астана» 101:79 «Нижний Новгород»

«Астана» 101:79 «Нижний Новгород»

"Астана" ВТБ лигасының кезекті турында "Нижний Новгородты" қабылдады. Бірден іске кіріскен елордалық жігіттер алғашқы кезеңде тоғыз ұпай айырмасымен алға шыққан. Үзілістен кейін Ресейлік команда қарқын алып, есептегі өзгеріс төрт ұпайға дейін қысқарды. Алайда үшінші айналымда "Астана" баскетболшылары нәтижені ұлғайта түсіп, 101:79 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде "Астана" сапынан Ник Кэйнер-Медли 21 ұпаймен ең нәтижелі ойыншы атанды.                    

 

Сурет: www.nn-basket.ru