«100 жаңа оқулық» жобасы аясында 77 кітап қазақ тіліне аударылды

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында 77 кітап қазақ тіліне аударылды

Гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік 77 оқулығы қазақ тіліне аударылды. Бүгінгі таңда баспадан 10 мың данамен шыққан бірегей кітаптар еліміздің жоғарғы оқу орындарына жіберілді. Әрбір университет студент санына қарай тиісті мөлшерде құнды мұраларға иелік етті. Сонымен қатар электронды нұсқалары «Қазақстанның ашық университеті» порталына енгізілді.

Биыл аударылған 30 кітап – кино-театр өнері, музыка саласынан әлемнің үздік ғалымдарының еңбектері және құқықтану бағытындағы бірнеше басылымды құрайды. Енді жыл соңына дейін қазақ тіліне тәржімаланатын тағы 23 оқулықты басып шығару мен тарату бойынша жұмыс жалғасады. Бұл игі іске 300-дей отандық ғалым атсалысуда.

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа оқулық» жобасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

 

Фото: inform.kz


×