«New Music Generation 2020» халықаралық композиторлар байқауы

Елордада ІІ Халықаралық «New music generation 2020» композиторлар байқауы аясында отандық және шетелдік музыканттардың қатысуымен гала-концерт өтті. Сахнада пианист, музыкант, композитор Рахат-Би Әбдісағынның туындылары орындалды. Сондай-ақ, музыкалық байқауда Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «QUBYLYS» шығармасының тұсаукесері өтті. Байқауға Австрияның танымал дирижері Эрнест Хётцль арнайы шақырылғанын атап өткен жөн. Өнерпаздың айтуынша, Қазақстанға келу оңайға соқпаған. Алайда, талантты қазақстандық өнерпаздармен бір сахнада өнер көрсету бұл қиындықтарды ақтаған.

Эрнест Хетцль, дирижер Австрия:

- Сәттілік менің серігім болды деп айта аламын. Себебі мен Австриядан келдім. Ал Австрияда қазір жағдай қиындау. Барлығы жабық тұр. Театрлар жұмыс істемейді, дүкендер жабық. Біз де үйдеміз. Ал мұнда мен өзімді еркін сезінудемін. Өйткені мұнда еркін жүре аламын, тіпті музыканы ойнай аламын. Бұл Қазақстандағы үлкен оқшаулаудан кейінгі алғашқы концерт. Сондықтан мен үшін бұл концертте өнер көрсету үлкен құрмет.

Қатысушыларға баға беретін әділ қазылар алқасы арнайы әртүрлі мемлекеттерден таңдалған. Олар өз бағасын бағын сынаушыларға онлайн түрде береді. Сондай-ақ, биылғы доданың ерекшелігі қатысушылардың аты-жөні сайыстың соңына дейін аноноимді түрде сақталатындығында.

Рахат-Би Абдысагин, байқаудың көркемдік жетекшісі және қазылар алқасының төрағасы:

- Байқауға әлемнің 22 елінен 160-тан астам жұмыс келіп түсті. Бұл Франция, Германия, Испания, Италия және Австрия сияқты бүкіл Еуропа. Латын Америкасының көптеген елдері, сондай-ақ Аргентина, Чили, Филиппин, Қытай, Азия және бүкіл ТМД. Жалпы байқау жасырын түрде өтуде. Яғни, әр композитор өз жұмысын бізге жасырын түрде, тегі мен атын жазбай жібереді. Олар тек девиз мен парольдерін жазып жібереді. Ал нәтижелері  мақұлдағаннан кейін барып, қатысушы кім және ол қай елден екені анықталады.

 

 

Фото: 24.kz


×