Абай шығармалары Сеул кітапханаларына жеткізілді

Абай шығармалары Сеул кітапханаларына жеткізілді

Абай шығармалары енді Сеул оқырмандарына да қолжетімді. Оңтүстік Корея астанасындағы ең ірі кітапханалардың біріне ұлы ақынның шығармаларын тапсыру рәсімі өтті. Қазақстан елшілігінің өкілдері Сонбук аудандық кітапханасына корей тіліндегі Абайдың 20 шығармалар жинағын тапсырды.

ЛИ ГОН ВАН, СОНБУК МӘДЕНИ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Абай - қазақтың ұлы ақыны және философы деп естідім. Мен кітаптарды сыйға тартқан Қазақстан елшілігіне ризамын. Біз Абайды мүмкіндігінше көп дәріптеуге тырысамыз.

Сонбук ауданы Сеулдің – мәдени ауданы болып саналады. Бұнда 14 кітапхана жұмыс істейді. Енді олардың әрқайсысынан Абай шығармаларын табуға болады. Мысалы, мына кітапханада шет мемлекеттен келген отбасылардың балаларына арналған зал бар. Кіре берісте аяқ киімді шешіп, шығармаларды жылы еденде жатып оқуға болады. Айта кетері, бұнда Қазақстан азаматы Әсел Маханованың арқасында қазақ тіліндегі шығармалар сөресі пайда болды.

ӘСЕЛ МАХАНОВА, СЕУЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен негізінде қазақ,орыс,кәріс әдебиеттерін оқимын. 2013 жылы Сеул қаласының Сонбук атты ең үлкен кітапханасына бірінші рет бардым. Әр түрлі тілдегі шығармалар бар екен. Тек қазақша болмады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Сеул кітапханаларында жаңа ережелер енгізілген. 

Кітапханаларда кітаптар да дезинфекцияланады. Арнайы құрылғы парақтарды 30 секунд ішінде залалсыздандырады.

 

Фото: eadaily.com


×