Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр

Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр

Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр. Ол 15-желтоқсанға дейін созылады. Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан игі шараға әрбір адам қатыса алады. Басты талап үміткер әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге айрықша атсалысуы қажет. Еске салайық, дәстүрлі жоба Тұңғыш президент қоры мен Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының бастауымен  және «Хабар» агенттігінің қолдауымен  жүзеге асырылуда. Қатысушылар қатары жыл санап артып келеді. Алғашында 97 адам қатысса, былтыр 200- дей өтініш келіп түскен. Ал биыл одан да көп болуы мүмкін дейді, ұйымдастырушылар. Өтініштер еліміздің барлық аймақтарынан қабылданады. Байқаудың жеңімпаздары 5 аталым бойынша анықталатын болады.

ЛЯЙЛЯ ТРОИЦКАЯ, НҰР-СҰЛТАН Қ. БОЙЫНША ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - «Асар» аталымы ұлттық мәдениетті сақтауға елеулі көмек көрсететіндер үшін, «Туған жер» – білім беру, экология және мәдени орындарды қалпына келтіру сынды салаларда туған еліне қайырымдылық көмек көрсететін адамдарға, «Батыл жүрек» – ерлігі мен адалдығы үшін; «Мейірім Жолында» – белгілі бір уақыт аралығында үнемі тегін көмек көрсететін лауреат үшін, «Қайырымдық тарихы» – қайырымдылық тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған журналистер мен шығармашылық топтарға арналған.

 

Фото: inform.kz


×