«Хабар» Агенттігіне – 25 жыл

«Хабар» ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігінің брендімен алғашқы жаңалықтар топтамасы 1994 жылы эфирге шықты. Ал 1995 жылы 23 қазанда Үкімет қаулысымен «Хабар» Агенттігі республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Халыққа тұщымды ақпарат, қызықты бағдарлама және пайдалы жоба ұсынып келе жатқан арнаға бүгін – 25 жыл. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, Хабар қазақ телевизиясындағы жаңашылдықтың бастамасы бола білді. Хабар Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин хабар ұжымы  сол кезден-ақ нағыз шығармашылық орта бола білді дейді.

ЕРЛАН БЕКХОЖИН, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ ТӨРАҒАСЫ:

– Барлығы кешегідей есімде. Желтоқсан 185 көшесінен басталған еді барлығы. Біз 3-4 бөлменің арасында жүгіріп жүретінбіз. Аппарат құралдары тұратын бөлмелерде есептемегенде, әрине. Бірақ өте бірегей әрі шығармашыл орта болатын. Біз сол кезден ақ сенімді қадамдар жасай білдік. Сол кезден жігіттер мен қыздардың жұмысқа деген ниеттері айқын, көздері жанып тұрды. Барлығы нағыз шығармашыл ортадан басталды.

«Хабар» тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік көрерменнің қызығушылығын тудыра бастаған сәтте, басшылық халықаралық деңгейде ақпарат тарататын арнаның керектігін түсінді.

ЕРЛАН БЕКХОЖИН, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ ТӨРАҒАСЫ:

 - Хабар брендінің танымал болғаны соншалық, арнаға тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да назар аудара бастады, біз өзімізді бүкіл әлем бойынша назар аударттық. Осылайша, «Каспионет» арнасы пайда болды. Бүгінге ол «Kazakh TV» брендімен жұмыс істеуде.

Әлемнің 118 еліне хабар тарататын Kazakh TV арнасының құрылғанына биыл 18 жыл. Айтулы дата қарсаңында Kazakh TV жаңа танымдық, ақпараттық, мәдени жобалар легін дайындады.  

ГҮЛНҰР МАММАСАРИПОВА, ПРОДЮСЕР:

 - «Үлкен үй» бағдарламасы алдағы дүйсенбі Kazakh TV арнасынан эфирге шығады. Дәл Kazakh TV арнасымен біздің продакшн жасап жатқан ең алғашқы жобасы. «Үлкен үйде» қазіргі пандемия болып жатыр ғой, пандемия төңірегіндегі Қазақстанның тыныш тіршілігі қамтылады.  

Бұдан бөлек жаңа маусымда Kazakh TV талғампаз көрермен назарына  түрлі шоу, трэвел және мәдени жобаларын ұсынбақ.

 

Фото: khabar.kz


×