Жолдау жүктеген міндеттер: экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Қоршаған ортаны сақтаудың бірден-бір жолы – экологиялық мәдениеті бар буын қалыптастыру. Экобелсенді Абзал Құспан өскелең ұрпақтың бойына осы бір қасиетті ұғымды сіңіруді көздейді. Табиғат сақшысы осы мақсатта жалпыұлттық деңгейде экософия ілімін ендіруді ұсынып отыр. Жоба жан-жануарлар әлеміне қатысты аңыздардың негізінде мектеп жасынан табиғатты аялауды баулуға бағытталған.

АБЗАЛ ҚҰСПАН, ЭКОЛОГИЯ  БОЙЫНША САРАПШЫ:

 - Бұның өзегі әрбір ұлт, әрбір халықтың аңыз әпсаналары бар экологияға байланысты, жан-жануарларға байланысты.  Ол қазақ халқындада бар. Соны тірілту, балаларға қайта үйрету арқылы аң-құс, жан-жануарлар, табиғат тал-теректердің бәріне деген құрмет сезімі  қалыптасады.  Бұл әрі жалпы мәдениетті қалыптастырады. Әрі біздің бұрынғы өзіміздің жоғалып бара жатқан аңыз-әпсаналарды тірілтеді. Әрі ең бастысы экологиялық мәдениетті қалыптастырады баланың бойында.

Абзал Құспан бұл бастама мемлекет басшысының жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға септесетінін айтады. Еске салайық, Президент онда экология және биологиялық әркелкілікті қорғау қамында екі бағытты дамыту керектігін баса тоқталған. Оның бірі – заң негізінде экологиялық құқық бұзушылықтардың жауапкершілігін арттыру және осы саладағы ахуалды жақсартатын жобаларды қолдау.  Келесі бағыт өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру арқылы мәдениетті қалыптастыруды көздейді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: inform.kz


×