«Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы іске қосылды

Балалардың тұлғалық тұрғыда айқындалуын дамыту, олардың қабілеттерін ұштау, оқушылардың адамгершілік және рухани қасиеттерін шыңдау үшін қосымша білім беру маңызды. Елімізде осыны көздейтін «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы іске қосылды. Бұл жөнінде  брифинг барысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Танымдық мәні зор бастама 1-11 сынып оқушылары үшін әзірленген. Олар ұзақтығы 10-15 минуттан аспайтын онлайн-форматтағы қысқа бейне-сабақтарды қамтиды.

АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

 - Балалар үйден шықпай-ақ Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды турлар жасап, опера, балет, драма өнерінің үздік үлгілерін, қазақстандық және шетелдік қызықты кинофильмдер мен мультфильмдерді көріп, таңғажайып музыкалық туындылардың дыбысын тыңдай алады.

Сонымен қатар министр оқушыларға арналған madeni-m.kz сайты барын айтып өтті. Аталмыш сайтта қазақ және орыс тілдерінде музыкалық өнер, театр өнері, кинематография, бейнелеу өнері және «Қасиетті Қазақстан» атты 5 бағыты бойынша барлық білім беру бейне-сабақтары қолжетімді.

 

Фото: massaget.kz


×