Сарапшылар: Президент Жолдауында әлеуметтік сала толықтай қамтылған

Жастар – ел болашағы! Мемлекет жастардың белсенділігін арттырып, әлеуетін барынша ашуға басымдық беріп келеді. Сарапшылардың пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған жолдауында жастарды қолдау мен әлеуметтік  мәселелер барынша қамтылған. Президент онда  халықты қолжетімді сапалы білім және денсаулық сақтау жүйесімен қамтамасыз етуді баса айтқан болатын. Сондай-ақ, жылдың басты құжатында  отбасылық-демографиялық жағдай, балаларды қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне үлкен мән берілген. Сарапшылардың айтуынша мемлекет басшысы үкіметке  халықтың  әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді. Оларды жүзеге асыру үшін барша қазақстандықтар жұмыла ат салысуы керек.     

МАРГАРИТА ӨСКЕМБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ИНСТИТУТЫ» ҚҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Жолдаудың өзі аса өзекті деген мәселелерді қамтитынын ерекше атап өткім келеді. Енді оларды тиімді жүзеге асыру үшін нақты механизмдер қажет. Ең бастысы жұртшылықтың белсенділік танытқаны абзал. Қоғам болып бірігу керек. Мақсат бір. Сондықтан, әр азамат ортақ мәселелерді шешуге үлес қосудың маңызын түсінуі керек. Көп көтерген жүк жеңіл демекші жұмыла білсек бәрін еңсереміз. Бұған қоса бюджеттік және әлеуметтік қорғау мәселелеріне белсене араласқан жөн болады. Әсіресе қазіргі пандемия кезінде бұл аса өзекті болып тұр. Медициналық қызметтердің сапасы мен жаңа мүмкіндіктері және дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері назарсыз қалмауы керек.   

 

Фото: express-k.kz


×