Мемлекет басшысы «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей қаласына жұмыс сапары «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатымен басталды. Аталған композицияда Абай ұлдары Ақылбаймен және Турағұлмен бірге бейнеленген. Автор ұлдарының ұлы әкесіне деген ерекше махаббаты мен шексіз мақтаныш сезімін бейнелеуді мақсат еткен. Мемлекет басшысы жұртшылықты  ойшылдың 175 жылдық мерейтойымен құттықтап, хакімді біртұтас ұлт болып ұлықтау –   перзенттік парызымыз екенін атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Мына еңселі ескерткіш жас ұрпаққа тағылымды  ой салуға тиіс. Абай және оның сөзі мен ісін жалғаған парасатты перзенттері Абай мен Тұрағұл елге үлгі боларлыұ перзенттер.Мұнда ұрпақ сабақтастығы, әке мен баланың сыйластығы бейнеленген. Бұл Құнанбай әулетінің тектілігін танытатын туынды. Абай шаңырағындағы тағылымы ұлт қалыптастыратын факторлардың бірі.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін мемлекет басшысы  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайын аралап көрді. Президентке мұражайдағы жаңа экспозициялар таныстырылды.  Айта кетейік,   атаулы жыл аясында өңірде ақынның атын ұлықтайтын бұдан да өзге бастамалар жүзеге асырылды. Семейдегі әуежайға Абайдың есімі берілді. Сондай-ақ, Семей мен Жидебайдағы ақын мұражайы толық жаңартылып, кесенесінің айналасы абаттандырылды.

 

Фото: almaty.tv


×